Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер түркістандықтың ақшасын күштеп алған Қызылорда тұрғынын ұстады

Полицейлер түркістандықтың ақшасын күштеп алған Қызылорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, өзін белгісіз біреу көше бойында тоқтатып сөйлесу үшін ұялы телефонын сұраған. Содан күдікті азамат сол сәтті пайдаланып есепшотындағы 43 мың теңге ақшасын байқатпай өзіне аударған. Алайда оның арамза әрекетін байқаған телефон иесі дер кезінде күдіктіден ақшасын кайтаруды талап еткен. Өз арам ойын жүзеге асырған күдікті азамат тұрғынды ұрып соғып, ақшасын қайтармастан қашып кеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Түркістан ҚПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жетті. Сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында, күдікті тәулік ішінде ұсталды. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны, жас жігіт болып шықты. Күдіктінің бас шарасы – қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарына мұқият болуға және өз мүлкін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмауға шақырады. Кез келген құқық бұзушылық орын алғанда, бірден полицейлерге хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру