Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайлы әлеуметтік бейнеролик түсірді

Абай облысының полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнеролик дайындады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Туындыда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы Жанаргүл Апсалямова мен топ инспекторы Индира Қайралова басты рөлдерді сомдайды. Онда полицейлердің күнделікті тұрмыстық жанжалдарға қарсы атқарып жүрген қызметі, жәбірленушілерге көрсетілетін қолдау мен отбасылық құқық бұзушылыққа мүлде төзбеушілік қағидатын іске асыру барысы көрініс тапқан.

Құқық қорғау органдары өкілдері кез келген зорлық-зомбылық дерегі назардан тыс қалмайтынын және әрбір жағдайға жедел шара қолданылатынын баса айтады.

"Үнсіз қалмаңыздар — көмек көрсетіледі!" — бейнероликтің негізгі ұраны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру