Полицейлер тыл ардагерлерінің куәлігін рәсімдеп берді
Түркістан облысының полицейлері тыл ардагерлерінің куәлігін рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-нің Көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Нурман Шингисбаев 65 жастан асқан азаматтардың куәліктерін рәсімдеу бойынша қызмет көрсетті. Осы мақсатта Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Шұқырбұлақ ауылының тұрғындары 93 жастағы Моншақ Шокеев және жұбайы 91 жастағы Жақсыкүл Сикимбаеваның үйіне барып қайтты. Тыл ардагерлерінің жеке куәлік алулары үшін фотосуретке түсіріп, құжаттарын рәсімдеп, қысқа мерзімде жеке куәліктерін иелеріне табыстады.
Полиция қызметкерлерінің атқарған қызметтеріне көңілі толған ардагерлердің ұлы өз ризашылығын жеткізді.
– Аудандық полиция бөлімінің басшыларына, көші-қон қызметкерлеріне, халыққа қызмет көрсету орталықталығына алғысымызды айтамыз. Себебі, пандемия кезінде сақтық шараларын сақтап, ата-анамыздың жеке куәлігі үшін үйге келіп, суретке түсіріп, жаңа куәліктерін рәсімдеп берді, – деп риясыз көңілдерін жеткізді.
Атап өтетін жайт, Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тәртіп сақшылары жалғастыратын болады.