Полицейлер заңсыз айналымнан алынған қару-жарақты жою бойынша шаралар қабылдауда
Қызылордалық полицейлер заңсыз айналымнан алынған қару-жарақты жою бойынша шаралар қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордалық полицейлер азаматтардан тәркіленген, ерікті тапсырылған, тауып алынған қару, оқ-дәрі және суық қаруларды айналымнан шығару мақсатында қаруды жою бойынша шаралар қабылдады.
Арнайы мақсаттағы техникалық комиссия құрылып, оның құрамына Полиция департаментінің тиісті салаларының қызметкерлері енгізілді.
Облыстың Полиция департаменті 1 171 дана, оның ішінде 38 ойық ұңғылы, 1 085 тегіс ұңғылы, 9 шолақ мылтық және 39 газды-травматикалық қару қабылдаған.
Жойылуға жататын 1 009 қару әскери және арнайы жабдықтау базасына өткізілді.
Полиция қызметкерлері қалған 162 қаруды белгіленген тәртіпке сай жояды.