Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады

Ақмола облысында зейнеткерді қорқытып,ақшасын жымқырған күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қылмыс ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Жарқайың ауданының Нахимовка ауылында тіркелді. Полиция қызметкерлері анықтағандай, белгісіз ер адам терезесін сындырып, 86 жастағы жалғыз зейнеткердің үйіне кіріп, пышақпен қорқытып, 120 мың теңге қаражатты және азық-түліктерін ұрлап кеткен.

 

Екі апта ішінде полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде бұрын сотталған 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  192-бабы 2-бөлігі («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру