Полицейлер жағажайларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
Полиция қызметкерлерінің Қапшағай су қоймасының жағажайлары мен жағалау аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және демалушылар үшін қауіпсіз жағдай жасау мақсатында адам көп шоғырланатын аумақтарда күнделікті жаяу және көлік патрульдері ұйымдастырылуда.
Полиция қызметкерлері азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері мен судағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде. Әсіресе, балалармен демалуға келген отбасыларға ерекше назар аударылуда. Құқық қорғау органдарының басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды болдырмаумен қатар, жайлы әрі қауіпсіз демалыс ортасын қалыптастыру.
Полиция барлық азаматты белгіленген тәртіпті сақтауға шақырады.