Полицейлер жанып жатқан үйден тұрғындарды алып шықты
Дер кезінде тұрғындарға көмек көрсеткен қостанайлық полицейлер өрт шалған үйден 2 адамды алып шықты,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы Ұзынкөл кентінің полиция бөлімінің қызметкерлері Қуаныш Шабденов пен Сағындық Жәкенов өрттен тұрғындарды құтқарды. Тәртіп сақшылары тұрғындарды құтқару және өртті жою бойынша барлық шараларды қолға алды.
2020 жылдың 1 ақпанында сағат 18.20-да Ұзынкөл ауылындағы төрт пәтерлі екі қабатты үйдің бірінде өрт шықты.
Полиция-жүргізуші старшинасы Сағындық Жәкенов көше бойымен өтіп бара жатып,түтін шығып жатқан пәтерді көрді. Ол үйге келіп, пәтерде веранда мен кіретін жақтың жанып жатқанын түсінді. Осы уақытта пәтерде тұншықтырғыш газдың иісін сезіп, аулаға осы үйдің тұрғыны, полиция бөлімі бастығының орынбасары подполковник Қуаныш Шабденов шықты.
Подполковник Қ. Шабденов өрт қызметін шақыртып, олар келгенге дейін өрт сөндіруге кірісіп, веранданың шатыры мен қабырғаларына қар тастап, бүкіл үйдің электр қуатын өшірген.
Полиция старшинасы С. Жәкенов оттан майысқан есікті ашты. Пәтерде анасы мен ұлы болған.
Полиция қызметкері кіре беріс есігін ұрып, пәтер тұрғындарын есінен танып қалған көшеге шығарды. С. Жәкенов тұрғындарды тұншықтырғыш газдан құтқарып, осы уақытта Қ. Шабденов жанып жатқан верандадан газ баллонын алып шықты.
Полиция қызметкерлерінің жедел іс – әрекеттері 36 жастағы ер адамды және 57 жасар әйелдің өмірін құтқарды. Тұрғындар полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.