Полицейлер жасөспірімге сыра сату және тіркелмеген аңшы қаруын сақтау фактісін анықтады
Павлодар облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жасөспірімге сыра сату және тіркелмеген аңшы мылтығын сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мичурино ауылында полицейлер сатушының кәмелетке толмаған балаға екі банка сыра сатқанын анықтады. Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал аудандық сотқа жіберілді.
Сол күні Павлодар ауданының Розовка ауылында учаскелік полиция инспекторлары тіркелмеген аңшы қаруын сақтау фактісін анықтады. Қазіргі уақытта тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Тәртіп сақшылары 38 жастағы ауыл тұрғынының бір ұңғылы аңшы мылтығын енесінен алғанын анықтады. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін, енесі мылтықты күйеу баласына берген.
Өз кезегінде полицейлер азаматтар мен қару иелерін тіркелмеген атыс қаруы мен оқ-дәрінің заңсыз айналымы және оны сақтау мен тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.