Полицейлер жол апатынан зақымдалған Toyota көлігін СҚО-ның барлық жолдарында эвакуатормен алып жүрмек
Полицейлер жол апатынан зақымдалған Toyota көлігін СҚО-ның барлық жолдарында эвакуатормен алып жүреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үйілген металл сынықтарына айналған Toyota автокөлігі Солтүстік Қазақстан облысының автотрассаларына жолға шықты. Ол патрульдік көліктің сүйемелдеуімен эвакуаторда «саяхат жасайды». Борттарда екі тілде «Жол қателерді кешірмейді» деген жазуы бар баннерлер орнатылған.
3 күн ішінде полицейлер оны жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін елемеу қандай салдарға әкелетінін ескерту үшін облыстың барлық жолдарымен алып жүретін болады.
6 айда Солтүстік Қазақстанда 127 ЖКО тіркелді. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 28 апат болып, 11 адам қаза тауып, 64 адам жарақат алды. Негізгі себептердің қатарында полицейлер жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін бұзуды, қауіпсіз қашықтықты сақтамауды, қарсы қозғалыс жолағына шығуды атайды.
– Жазғы кезеңде, тас жолдардағы автотасымалдау ерекше үлкен болған кезде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. 1 шілдеден бастап жаздың соңына дейін «Автомобиль» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және «Рөлде ұйықтау» республикалық акциясы өткізілуде. Сонымен қатар 24 шілдеден бастап айдың соңына дейін «Қауіпсіз жол» облыстық ЖПІШ жүргізіледі. Барлығының түпкі мақсаты бір: қозғалысқа қатысушылардың тәртібін арттыру, апаттылық пен ЖКО зардаптарының ауырлығын төмендету, – деді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Валихан Оразалин.
Полицейлер жолдағы қауіпсіздік қозғалыстың әрбір қатысушысының тікелей жауапкершілігінен басталатынын еске салады.