Полицейлер жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті
Павлодар облысының полицейлері Нұр-сұлтан – Павлодар тас жолында көлігі бұзылып, жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар тұрғындары үйлеріне қайтып келе жатқанда, жолда көліктерінің дөңгелектері жарылған.
– Бұл ақауды өзім жөндей алмас едім, өйткені өзіммен бірге домкрат пен кілт болған жоқ, ал қосалқы дөңгелек істен шыққан – дейді жүргізуші.
Айдалада шарасыз күйде қалған көлік жүргізушісіне осы учаскеге қызмет көрсететін полиция қызметкерлері Арман Гинаятов пен Төлеубай Құдайбергенов жолыққан.
– Олар бізді көріп, еш ойланбастан көмектерін ұсынды.
Болған оқиға туралы сұрастырғаннан кейін полиция қызметкерлері керекті құрал-саймандарды сұрау үшін жол бойындағы көлікті тоқтатты. Содан кейін олар жарылған дөңгелекті алып тастап, қосалқы дөңгелекке ауыстырды. Далада күшті аяз болды, қар жауып, қатты жел соғып тұрды. Айнала дым көрінбейтін түнекке айналды. Бірақ, соған қарамастан, тәртіп сақшылары маған қиын жағдайда көмектесті. Егер олар болмаса, не болуы мүмкін екенін елестетуден қорқамын. Біздің әлемде қиын сәтте көмекке келуге дайын адамдар бар екенін сезіну қандай жақсы. Полиция қызметкерлеріне үлкен рахмет! – дейді жүргізуші.