Полицейлердің атына жалған ақпарат таратқан ақмолалыққа қатысты тергеу басталды
Полицейлердің атына жалған ақпарат таратқан ақмолалыққа қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында интернет әлеуметтік желісін пайдаланушылардың бірінің парақшасында төтенше жағдай кезеңінде полиция қызметкерлеріне қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі анықталды.
Жарияланымның авторы – Бурабай ауданының 57 жастағы тұрғынына қатысты 274-баптың 4-бөлігі (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК 274-бабына сәйкес төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.