Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлердің қырағылығы әйелдің зейнетақысыз қалуына жол бермеді

Абай облысының полицейлерінің қырағылығы әйелдің зейнетақысыз қалуына жол бермеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полиция қызметкерлері патрульдеу бағыттары бойынша тротуарда келе жатқан күдік тудырған екі адамды байқап қалады. Тәжірибелі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл жерде бір шикілік бар екенін бірден сезеді. Өтіп бара жатқан адамдардың көрінісін зерттей отырып, оларды жыпылықтайтын маяктары бар сиренаның ескерту сигналын қосу арқылы тоқтатпақ болады. Күдіктілер полицейлерді көріп, қаша жөнеледі, олардың бірі түсініксіз затты жерге тастайды.

Полицейлермен бұрын бірнеше рет сотты болған, ұрлық жасап жатқан кезінде қолға түскен қалта ұрысы анықталды.

Әмиянның иесі зейнетақысыз үйіне келетінін білмеген де еді. Зейнеткерге қоңырау шалған полиция қызметкері оған оның мүлкі түгел және қауіпсіздікте екені туралы хабарлайды. Ұстау орнына келген жәбірленуші ішінде 80 мың теңге тұратын әмиянын және оның жанында автобуста болған жігітті таниды. Зейнеткер полицейлерге алғысын білдірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру