Полицейлердің заңды талабын орындамаған атыраулық жауапқа тартылды
Полицейлердің заңды талабын орындамаған атыраулық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 шілде күні сағат 19:52 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 37 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, Вокзал маңы 5 мөлтек ауданында орналасқан “Идеал” супермаркетінің ішінде белгісіз адаммен келіспей жатқандығы жөнінде хабарлама берген.
Аталған хабарлама бойынша барған учаскелік полиция инспекторы жәбірленушіден арыз алу кезінде, 36 жастағы ер адам ішімдік ішкен мас күйінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, қарсылық білдірген.
Аталған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 667 бабының 1 бөлімімен (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен 36 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды