Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция 25 жыл бұрын қарақшылық жасаған күдіктіні қолға түсірді

Полиция 25 жыл бұрын қарақшылық жасаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстады.

– Тергеу мәліметтері бойынша, 1998 жылдың тамызында Павлодар қаласында күдікті тапанша мен балта қолданып, екі ағайындыға қарақшылық шабуыл жасап, Nissan маркалы екі көлікті иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кетті, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазақстан Республика Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес «адам оның кінәсі заңды күшіне енген соттың үкіммен танылмағанша, осы уақытқа дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады»

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру