Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция адам саудасынан сақтану жолдарын айтты

СҚО-да полицейлер студенттерге адам саудасының құрбаны болмау жолдарын айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдерге адам саудасымен байланысты қылмыстар туралы ескерту – мұны СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға алды. Олар басқа полиция қызметтерімен бірге “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысуда.

ҰҚҚКБ қызметкерлері колледж студенттерімен кездесіп, адамдарды пайдаланудың түрлері туралы айтуда, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйретеді. Адам саудасына мәжбүрлеп еңбекке тарту, борыштық құлдық, некеге тұруға, қайыршылыққа мәжбүрлеу, органдарды сату кіреді.

Қылмыскерлер ғаламторда көбінесе жоғары жалақысы бар жалған бос орындар, оқуға арналған гранттар ұсынады, некеге тұруға шақырады, тіпті жұмысқа орналастыруға шақыратын жалған агенттіктер немесе модельдік агенттіктер арқылы адамдарды алдайды. Барлық қауіпті жағдайларға нақты мысалдар келтірілді.

Ұсынылған бос жұмыс орындарын, ықтимал жұмыс берушінің беделін мұқият зерделеу қажет. Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді әлеуметтік желілерде жариялауға болмайды – қаскөйлер бопсалау мақсатында оларды пайдалануы мүмкін. Жол жүру кезінде ешкімге өз паспортыңызды беруге болмайды, жеке құжаттарыңыз өзіңізде болуы қажет. Адам саудасы фактілері туралы 116-16 “қауырт желісіне” немесе “102” арнасына хабарлауға болады.

Жастар арасындағы ақпараттық жұмыс “2025 жылға арналған жезөкшеліктің әлеуметтік профилактиксы бойынша Жол картасы” тармақтарын іске асыру шеңберінде облыстың білім басқармасымен бірлесіп ұдайы жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру