Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция алаяқтықпен айналысып жүрген күдіктінің ісін әшкереледі

Қарқаралы аудандық полиция бөліміне келіп түскен тұрғындардың арыздары алаяқтық схемасын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Абай облысының тұрғыны алаяқтыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ол азаматтарға жеңіл жолмен ірі көлемде несие рәсімдеуге, сондай-ақ зейнетақы жинақтарына қол жеткізуге көмектесемін деп уәде берген. Алайда бұл қызметі үшін азын-аулақ сыйақы талап етіп отырған.

Тергеу барысында полицейлер 9 түрлі эпизодты біріктіріп, бір ғана қылмыстық іс қозғады. Келтірілген шығын көлемі шамамен 12 миллион теңгені құрады. Күдікті азаматтардың сенімін пайдаланған. Көпшіліктің қаржысын иемденген әйел артынша байланысын үзіп отырған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторында сот шешімін күтуде. Жиналған дәлелдемелер оның қылмыстық әрекетке қатысын нақтылай түседі.

Полиция азаматтарды заңсыз әрекеттерден сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру