Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция алаяқтыққа қарсы банк, ұялы байланыс операторлары басшылығымен кездесу өткізді

Түркістан облысында полиция алаяқтыққа қарсы банк, ұялы байланыс операторлары басшылығымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлерінің ұйымдастыруымен сот, прокуратура, басқа да тиісті сала мамандары, оның ішінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша екінші деңгейлі банк және байланыс операторларының басшылары мен қызметкерлері қамтылған жиын өтті.

Департамент бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев төрағалық еткен жиында алаяқтық қылмысын қайтсек азайтамыз, алдын алу үшін қандай шараларды жандандыру қажет деген секілді өзекті мәселелер қаралды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шәкім облыстағы ахуалды баяндады. Тіркелген қылмыстық істерді саралау кезінде, кейбір жәбірленушілерге 1 тәулік ішінде түрлі банктерден бірнеше несие рәсімделгені, сондықтан қауіпсіздік шараларын жан-жақты күшейту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ бұл қылмыстың басым көпшілігі телефон арқылы жасалғандықтан, ұялы байланыс операторларына сұраныс хаттарды облыстық филиалдарда өңдеу мәселесін қарастыру керектігі ұсынылды.

Видео • YouTube

Алаяқтық қылмыстарымен күрес барлық мекеме арасындағы өзара ынтымақтастық аясында атқарылуы тиіс. Осыған байланысты жиналғандардың әрқайсысы алдағы уақытта өз құзыреттіліктері шеңберінде барлық күш-жігерді салуға уағдаласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру