Полиция әлеуметтік желілер арқылы туристік жолдамаларды рәсімдеу кезінде сақ болуды сұрайды
Полиция әлеуметтік желілер арқылы туристік жолдамаларды рәсімдеу кезінде сақ болуды сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының полиция департаменті азаматтардан бейтаныс адамдарға ақша жібермеуін сұрайды және әлеуметтік желілерде жалған агенттіктермен бетпе-бет келу мүмкіндігі туралы ескертеді. Полицейлер интернет арқылы мәмілелер жасаған кезде қырағы болуға кеңес береді.
Мәселен, осы жылдың 24 қыркүйегінде Сандықтау ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның алаяқтық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Демалысқа бара жатып, ақмолалық турагенттіктің қызметіне жүгінді, оның жарнамасын Instagram әлеуметтік желісінен тапқан.
Ауыл тұрғыны хабарландыруда көрсетілген нөмір бойынша компанияның менеджерімен байланысып, олар көрсеткен соманы төлеп, жолдаманы қашықтан сатып алды. Шығын 753 мың теңгені құрады. Қолма-қол ақшаны аударғаннан кейін әйел туристік фирманың қызметкерлері оның нөмірін бұғаттағанын анықтады.
Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Интернет-алаяқтыққа күдікті адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.