Полиция: Алматы облысында жарыс жүлдегері ұрланды
Алматы облысында асыл тұқымды жылқыны ұрлап, көрші ауданның тұрғынына сатқан азамат ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 26 ақпанда Алматы облысы Кеген ауданы кезекші бөліміне Ақсай ауылының 87 жастағы тұрғыны үйінің қорасынан өзінің ағылшын-араб тұқымды, әртүрлі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болған жылқысының ұрланғаны туралы арызбен жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдікті азаматты ұстады. Бірі: 2001 жылы туған Кеген ауданының тұрғыны, екіншісі 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.
Ұсталған азаматтар жылқының құнды тұқымды екенін біле тұра, оны жүк көлігімен ауданнан тыс жерге шығарып, белгісіз тұлғаға сатқанын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторында қамауда. Жылқыны іздеу жұмыстары басталды.
Ұрлық фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелді.