Полиция Алматыда жаңа бағдаршамдардың қалай жұмыс істейтінін айтты
Полиция Алматыда жаңа бағдаршамдардың қалай жұмыс істейтінін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2019 жылдың аяғынан бастап Алматыда жүйеге қосылған 60 бағдаршаммен қаланың жолдағы қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ЖҚБАЖ) модернизациялау, қайта құру және дамытудың бірінші кезеңі басталды.
Бүгінгі күні ЦУП ғимаратын жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды, серверлік бөлме және детекторлық зертхана жабдықталды, 93 бағдаршам нысандарына Euro контроллерлер (EC-2) орнатылды, ЖҚБАЖ ЦУП-пен талшықты-оптикалық байланыс құрылды, ЦУП және бағдаршам нысандарына қажетті бағдарламалық жасақтама сатып алынды. Ағымдағы жылы 357 бағдаршам нысандарын ЖҚБАЖ-ға қосу екінші сатыдағы жұмысы жоспарланған.
– Екінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе нақты уақыттағы қиылыстардағы қозғалысты реттеуді қамтамасыз етеді, бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын ескереді, статистиканы есептейді және қозғалыстың интенсивтілігіне талдау жасайды, адаптивті режимде кері санақ дисплейінің жұмысын жүргізеді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер мен жедел қызметтің көлік құралдары қозғалысының басымдығы таңдалған саясатты ескере отырып жүзеге асырылады – абсолютті немесе бекітілген, таңдау бойынша, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Екінші кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша, спикердің айтуынша, осы жүйені енгізу тиімділігінің маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізіледі:
– көлік сыйымдылығының артуы (18-20%)
– Жолдағы уақыттың қысқаруы (15-25%)
– Жол бойындағы аялдамалардың санының азаюы (20-40%)
– атмосфераға шығарылатындардың мөлшерін азайту (- 7%)
– Отын шығынын азайту (5-10%)
– қоғамдық көлік қозғалысының кідірісін азайту (20-60%)