Полиция Алматыда жазатайым оқиғалардың азайғаны туралы хабарлады
Полиция Алматыда жазатайым оқиғалардың азайғаны туралы хабарлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, осы жылдың үш айында Алматыда жарақат алған адамдармен 666 жол-көлік оқиғасы тіркелді (-4,6%), нәтижесінде 11 адам қайтыс болды (-42,1%), тағы 783 адам жарақат алды ( -3,0%).
– Соның ішінде балалардың қатысуымен 102 жол-көлік оқиғасы тіркелді (-11,3%), нәтижесінде 115 бала (-12,2%) зардап шекті. Бақытымызға орай, өліммен аяқталған нәтиже тіркелген жоқ. Жалпы осы жылдың үш айында қала жолдарында 333 мыңнан астам Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері анықталды. Сонымен қатар, 57 мыңнан астам құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 461 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды. Соттың шешімімен көлік құралын басқару құқығынан – 533 жүргізуші айырылды. 428 жүргізушіге қатысты әкімшілік қамау қолданылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың тежеушісі және алдын-алу факторларының бірі «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады, оның құрамына ААҚ «БДД» 105 посты кіреді, сонымен қатар, қалада «Сергек» АӨК-нің 468 посты бар. Олардың көмегімен 276 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.