Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция ақмолалықтарды террористік актілер туралы көрінеу жалған хабар үшін жауапкершілік көзделгенін ескертеді

Полиция ақмолалықтарды террористік актілер туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының полиция департаменті азаматтарға террористік актілер туралы көрінеу жалған хабарлар таратуға жол бермеу туралы еске салады. Мұндай әрекеттер қылмыс ретінде қарастырылады және ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, терроризм туралы жалған ақпарат тарату үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар кінәлі адамдар жедел қызметтердің орын алған оқиға орнына келуіне және адамдарды эвакуациялауға байланысты материалдық залалдарды өтеуге міндетті болуы мүмкін.

Мәселен 2025 жылдың 21 қаңтарында Көкшетау қаласында банктердің бірінің Call-орталығының электрондық поштасына жарылғыш құрылғының бар екені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен саперлер жетіп, ғимаратты мұқият тексергеннен кейін ешқандай қауіпті заттар табылмады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Астана қаласының тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Құрметті азаматтар, жалған ақпарат тарату қоғамға үлкен зиян келтіреді, құқық қорғау органдарының күшін еш негізсіз жұмсайды және құқық бұзушылар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Әсіресе ата-аналардан балалар мен жасөспірімдермен мұндай әрекеттерге жол бермеу қажеттігі туралы түсіндірулер жүргізуді сұраймыз. Есіңізде болсын, ойланбаған әрекет жас адамның беделін және тағдырын бұзуы мүмкін.

Егер күдікті заттар немесе нақты қауіп анықталса, полицияға 102 нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру