Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция: әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында дереу шара қолданылады

Астана қаласы полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "нөлдік төзімділік" қағидатын басшылыққа ала отырып, жүйелі жұмыстар атқарып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған қағидат – қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға да бейжай қарамауды көздейді. Яғни заң бұзушылықтың ауқымы мен салмағына қарамастан, оған дереу заң аясында шара қолдану қарастырылған.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде 1 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың басым бөлігі – қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, қоқыс тастау, ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу фактілері.

Жуырда таңғы сағат 7 шамасында Біржан сал көшесінде 56 жастағы азамат қоғамдық орынға кіші дәрет сындыру арқылы тәртіпті өрескел бұзған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады.  Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың үкімімен азамат кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдағы тәртіпке құрметпен қараудың маңыздылығын түсіндіруде. Өйткені ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу – қылмыстың алдын алудың бірден-бір тиімді жолы.

Астана қаласы полиция департаменті елордалықтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын орындауға, өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады. Құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда азаматтар "102" нөмірі арқылы немесе мобильді қосымша арқылы полицияға хабарлай алады.

Полиция: "Нөлдік төзімділік – бұл тек тәртіп сақшыларының жұмысы емес, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру