Полиция ата-аналарды балаларына жол ережесін үйретуге шақырады
Полиция ата-аналарды балаларына жол ережесін үйретуге шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар арасында жол-көлік жарақаттарының басты себебі – жол қозғалысы ережелерінің қарапайым негіздерін білмегендіктен және үлкендердің жолда жүрген балаларға немқұрайлы қарауынан туындайды. Әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар жақындап келе жатқан көліктің қашықтығын, жылдамдығын бағалай алмайды. Олар өздерін епті, шапшаң санап, жолды тез өтіп кетемін деп ойлайды.
Балалардың жол қозғалысы ережелерін меңгеруін нығайту мақсатында полицейлер балаларға үн қатты.
– ЖҚЕ білу және көшеде дұрыс бағдарлана алу жолдағы жағдайларда көп көмектеседі. Сондықтан ережелерді сақтауға, жолдағы жағдайды бағдарлауға үйрену қажет. Мінез-құлық дағдылары бізде бала кезден қалыптасады. Көшеде көліктерге мұқият қараңыздар, жолдағы қауіпті элементтерді көре біліңіздер, – деп атап өтті Солтүстік полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мәдина Жұмабаева.
– Бүгін біз анаммен “зебрадан” қалай өту керектігін қайталадық. Жолда өтпес бұрын жан-жағымызға қарап, қауіпсіз екеніне көз жеткізіп барып өту керек. Құлаққаппен немесе телефонға үңіліп жолдан өтуге болмайды, – дейді 1-сынып оқушысы Әдия Жұмабаева.
Көше тосын жағдайларға толы, сондықтан осы ережелерді сақтау жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.