Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді сақ болуға шақырады

Полиция ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты полиция қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізіп, жүргізушілерді жолдарда сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Қатты жауын-шашын, мұзтайғақ және нашар көріну жағдайды едәуір қиындатып, апат қаупін арттырады.

– Тәртіп сақшылары алыс сапарларға тек аса қажеттілік болмаса, шықпауға кеңес береді. Жолда жүрген жүргізушілерге ерекше мұқият болу, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтау, күрт маневрлер мен тежеулерден аулақ болуды ұсынады. Жолда демалуға ерекше назар аудару қажет, өйткені шаршау ауа райының қолайсыз жағдайында қосымша қауіп факторына айналуы мүмкін. Денсаулығы нашарлаған немесе ұзақ шаршаған жағдайда арнайы жабдықталған автотұрақтарға тоқтап, демалған дұрыс, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары көлік құралдарының техникалық жағдайын, тежегіш жүйесінің, жарықтандыру құрылғыларының және қысқы шиналардың жарамдылығын уақытылы тексеру қажеттігін ескертеді.

Полиция өкілдері жүргізушілерге көмек көрсетуге дайын және төтенше жағдайлар туындаған кезде патрульдік топтарға немесе жедел қызметтердің телефондарына жүгінуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру