Полиция азаматтарды абаттандыру ережелерін сақтауға шақырады
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ақсу қаласының полиция бөлімі қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері полицейлер 470-ке жуық құқық бұзушылықты анықтады, олардың ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 352, жалпы пайдалану орындарды ластауға қатысты 118 дерек бар.
Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты — қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға "нөлдік төзімділікті" қалыптастыру. Күн сайын рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына бейім орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, белгіленбеген орындарда қоқыстарды түсіруді және ағынды суларды төгуді жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі.
Полиция аймақтың барлық тұрғынын абаттандыруға үлес қосуға шақырады.