Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда жеке заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады
Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда жеке заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарапайым ережелерді сақтау арқылы мүлкіңізді жоғалтып алмауға және сақ болуға болады. Сонымен қатар полицейлер ата-аналарға да ескерту жасап, су жағасында балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Тіпті таяз суда да қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі.
Айта кету керек, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында күн сайын Орталық жағалауда жаяу полиция жасағы қызмет атқарады. Сонымен бірге аумақты қосымша әуеден бақылау арқылы тексеру жүзеге асырылады. Бұл бақылау арқылы құқық бұзушылықтар, ұрлықтар мен түрлі оқиғалар тіркеліп отырады.