Полиция азаматтарды тауарды онлайн сатып алу кезінде сақ болуға шақырады
Полиция азаматтарды тауарды онлайн сатып алу кезінде сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зеренді ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, осы жылдың 2 қыркүйегінде белгісіз ер адам автомобильге арналған қозғалтқышты сату сылтауымен оған тиесілі ақшалай қаражатты иемденгенін хабарлады. Залал сомасы 1 млн теңгені құрады.
Әйел “ОЛХ” сайтындағы хабарландыруды көріп, мәмілені талқылау үшін автормен байланысқа шыққан, бірақ ақша алғаннан кейін сатушы онымен байланыс орнатуды тоқтатқан. Аймақтың тағы екі тұрғыны да алаяқтардың әрекетінен зардап шекті.
Ақмолалықтар Telegram-да арзан гаджеттерді сату туралы хабарландыруды тауып, телефондарды онлайн сатып алуды көздеген. Барлық жағдайда сатып алушылар ақшасыз және тауарсыз қалды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басын анықтап, барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін тек тексерілген сауда алаңдарын пайдалануды, сатушы туралы пікірлерді зерттеуді және мүмкіндігінше тауарды алған кезде төлемді таңдауды ұсынамыз. Осы нұсқауларды орындау ақшаңызды қорғауға және онлайн сатып алуды қауіпсіз етуге көмектеседі.