Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция азаматтарға интернеттегі алаяқтардың әрекеттері туралы айтып берді

Алматы қаласының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың ең көп тараған әдістерін айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Киберқылмыспен күрес қызметінің хабарлауынша, алаяқтар көбінесе танымал интернет-дүкендер мен жарнамалық платформаларда тауарлар немесе қызметтер туралы хабарландырулар жариялайды. Олар ұсынылып отырған мүліктің немесе қызметтің құнын әдеттегіден әлдеқайда төмен қоя отырып, жәбірленушілердің назарын аударады.

Әдетте, алаяқтар тауарды тез арада сатудың қажеттілігі, төмен бағаның сирек кездесетін мүмкіндік екендігі туралы сылтау айтып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Құрбандардан банк картасына немесе электронды әмиянға ақша аудару сұралады. Бірнеше күн бойы “сатушы” тауарды жеткізетінін айтып, уәде бергенімен, кейін із-түссіз жоғалып кетеді.

Алаяқтар өз әрекеттерін жүзеге асыру үшін электрондық төлем жүйелерін және үшінші тұлғаларға тіркелген банктік карталарды пайдаланады.

Полиция азаматтарды сақтыққа шақырып, аңғалдық танытпауға, күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға кеңес береді. Қырағылық – алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру