Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция балаларға арналған жаңа ақпараттық айдар ашты

Алматы қалалық полиция департаменті балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және “Заң және тәртіп” қағидатын жүзеге асыру мақсатында жаңа "Балалар назарына" айдарын іске қосты. Бұл айдар балаларға білім беру мен шығармашылықты дамытуға арналған және өмірлік құндылықтарды қызықты әрі қолжетімді түрде жеткізуге бағытталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айдардың тұрақты жүргізушілері – Алматы қаласы №119 мектеп-лицейінің 5 "А" сынып оқушысы Нұрәлі Асқарбек пен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы мектебінің 2 "В" сынып оқушысы Айару Ерсінқызы.

Айдарда балалар білім, логикалық ойлау, және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған ақпаратты қызықты түрде алады. Сонымен қатар адамның моральдық құндылықтарын қалыптастыру, жауапкершілік, достық пен өзара көмекке баса назар аударылады. Балаларға қауіпсіздік ережелері мен салауатты өмір салты туралы пайдалы ақпарат беріледі.

- Біздің "Балалар назарына" айдарымыз жас көрермендерді қызықты оқиғалармен және пайдалы кеңестермен қуантуға дайын. Жаңа материалдар балаларға әлемді жақсырақ тануға, маңызды сұрақтарға жауап табуға және өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Біз жұртшылықты жобамызға қосылып, оны кеңінен таратуға шақырамыз, — деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру