Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция басшылары халықпен кездесті

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының басшысы өзінің кезекті халықпен кездесу жиынын өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Сайрам аудандық полиция бөлімшесінің басшысы полиция полковнигі Талғат Охашев 2019 жылдың 12 ай қорытындысымен жиынға келген қонақтарды таныстырды. Полиция полковнигі АПБ-нің өткен жылда атқарылған жедел-қызметтік және қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда атқарылған жұмыстардың нәтижелері
туралы, жергілікті полиция қызметінің құқық бұзушылықтардың алдын алуда, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда атқарылған істер туралы баяндамасын оқыды.
Жиынға қатысқан ауыл билері мен ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан тұрғындары баяндамадан соң басшыға өз көкейлеріндегі сұрақтарын жолдап, нақты жауаптармен қанықты.
АПБ басшысы Т.Охашевтің баяндауы бойынша ауданда жалпы қылмыс деңгейі 33,5 пайызға төмендеген. Сонымен қатар ерекше тоқталатын жайт, мал ұрлығына қатысты. Яғни төрт түлік ұрлығының қыс, күз мезгілінде көбірек жасалатыны ескеріле отырып, басқарманың полицейлері ветеринар қызметкерлерімен бірлесіп мал базарларды, мал тасымалдайтын көліктерді жиі тексеруді қолға алған. Оған қоса дәл осы мал ұрлығына байланысты аудандық полиция басқармасынан 5 топ құрылған. Олар түнгі уақытта барымташыларға қарсы жұмыстарды атқаратын болады.
Дәл осындай кездесу Шардара аудандық полиция бөлімі басшының есеп беруімен жалғасты. Халықпен кездесуге жиынына Шардара ауданының әкімі Қ.Жолдыбай, оның орынбасарлары Б.Тәженов, Н.Сапаров, Б.Шомпиев, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты. Кездесу барысында аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Аббаз Тұрғынбаев өткен жылдың 12 айы бойынша атқарған жұмыстарымен көпшілікті таныстырды. Жиын барысында жергілікті
тұрғындардың тарапынан айтылған мұң мұқтаж тыңдалып, көкейтесті мәселелер талқыланды. Қарапайым халықтың полиция басшысына қойылған сұрақтарына дер кезінде жауаптар алынып, кейбір мәселелер жуырда өз шешімін табатынына уәде берілді. Әсіресе тұрғындар тарапынан жиі қойылған сұрақтар-мал ұрлығы мен жасөспірімдердің тәлім тәрбиесі жайында болды. Шардара АПБ басшысы әрбір қозғалған мәселелердің шешімі таппайынша бақылауда болатынын айтып, қарамағындағы қызметкерлеріне тапсырмалар
тапсырды.
Жиын соңында халық басшылардың қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде басшылар халықтың көтерген мәселелерінің шамалап шешілетіндігін, бастысы
полицейлерге сенім білдіру екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру