Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция департаментінде ерлік сабағы өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қарағанды облысының Полиция департаментінде милиция генерал-майоры Владимир Шумиленконы еске алуға арналған ерлік сабағы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас қызметкерлермен кездесуге Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев, облыстың ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісов, облыстың ПД басшысының кеңесшісі Болат Ахимбеков және аға әділет кеңесшісі, зейнеткер Ася Хегай қатысты.

Ардагерлер жас қызметкерлерді Қазақстан халқына аянбай қызмет етуге шақырды.

Сондай-ақ жас қызметкерлерге облыстың ПД Жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы мен облыстың ПД баспасөз қызметінің бірлескен шығармашылық жұмысы болып табылатын милиция генерал-майоры Владимир Шумиленко туралы бейнеролик және «Честь имею» фильмі көрсетілді.

Владимир Шумиленко – аты аңызға айналған тұлға. Ол қарапайым лейтенанттан генерал-майорға дейін қызмет етіп, 1983-1995 жылдар аралығында он екі жыл бойы Қарағанды облыстық Ішкі істер басқармасын басқарған.

В.Шумиленко «Волчья стая» лақап атымен елді дүрліктірген аса қауіпті қылмыстық топ мүшелерін тұтқындау, КарМеткомбинат директоры Александр Свечинскийді тапсырыспен өлтіру сияқты атышулы көптеген қылмыстарды ашқан.

Ол 2010 жылы қайтыс болды. Облыстың Полиция департаментінде жыл сайын милиция генерал-майоры В.Шумиленконы еске алуға арналған волейболдан турнир өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру