Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция дербес деректерді алаяқтардан қорғауға шақырады

Полиция дербес деректерді алаяқтардан қорғауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде алаяқтар түрлі тәсіл ойлап табуда. Олар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы, ұялы байланыс операторы, тіпті танысың немесе туысың ретінде таныстыруы мүмкін. Мақсаты – сенің жеке деректеріңе қол жеткізу және қаражатыңды иемдену.

Бейтаныс нөмірден немесе түсініксіз аккаунттан келген хабарламадағы сілтеме – қауіпті тұзақ болуы мүмкін. Бір рет басу – жеке мәліметтердің таралуына әкелуі ықтимал.

Карта нөмірі, CVV коды, SMS арқылы келген растау кодтары – бұл құпия ақпарат. Нағыз банк қызметкері мұндай мәліметті телефон арқылы сұрамайды. Егер біреу сұраса – бұл алаяқ!

"Ұтып алдыңыз", "аккаунтыңыз бұғатталады", "туысыңыз апатқа түсті" деген сияқты қорқыту немесе қызықтыру әдістері – жиі қолданылатын тәсілдер.

Алаяқтар сенің эмоцияңа әсер еткісі келеді: қорқыту, асықтыру, сендіру. Бұл жағдайда ресми дереккөзге хабарласу керек. Егер күдік туындаса немесе алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, 102 нөміріне хабарласуыңыз керек.

Қауіпсіздік – әркімнің жеке жауапкершілігі. Сақ болайық, саналы болайық, алаяқтарға алданбайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру