Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция экипаждары тәулік бойы кезекшілікте тұр

Барлық қарлы туннельдерде Ақмола патрульдік полициясының экипаждары тәулік бойы кезекшілік етуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық учаскелерінде қозғалыс тоқтады.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында сағат 13:00-14:00-дер шамасында полиция департаментінің бастығы генерал – майор Арманбек Баймурзиннің жеке басшылығымен Атбасар қаласының 1007 шақырымынан Нұр-Сұлтан қаласына дейін 551 бірлік автокөліктен тұратын колоннаны алып жүру ұйымдастырылды, оның ішінде 65-і жеңіл автокөлік, 486-ы ауыр жүк көлігі.

Патрульдік машиналар қауіпсіздік мақсатында трассадағы көліктерге ілесіп жүрді. Автожолдағы колоннаны елордаға дейін патрульдік полиция батальонының 12 экипажы алып жүрді. Бұдан басқа, Полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша облыс аумағында 14 бекет қойылды, олар елді мекендерде, республикалық маңызы бар автожолдарда және қарлы туннельдерде тәулік бойы қызмет атқарады.Сонымен қатар, саптық бөліністердің 26 қызметкері мен учаскелік полиция инспекторлары, 16 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Павлодар облысының шекарасынан Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі жолдағы оқиғалардың алдын алу мақсатында 9 автокөлік қызметте, оның ішінде 8 жүк және 1 жеңіл көлік.

30 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында қар құрсауында 233 автокөлік қалған, оның ішінде 143 жүк көлігі және 90 жеңіл көлік . Целиноград ауданының Софиевка ауылынан Павлодар қаласына қарай 100 көлік құралын, Целиноград ауданының аумағында Атбасар қаласына қарай 100 көлікті, Астраханка ауылында Нұр – Сұлтан қаласына қарай бет алған 33 автокөлікті көздеген жеріне дейін алып жүреді.

Автокөлік иелеріне жылдамдық режимін сақтау, қозғалыс маршруттарын түзету немесе алыс сапарлардан мүлдем бас тарту ұсынылады.Егер сіз төтенше жағдайда болсаңыз, «112» құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне немесе «102»арнайы желісіне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру