Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция электросамокаттарға бақылауды күшейтті

Полиция электросамокаттарға бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында соның ішінде электросамокаттардың қатысуымен, ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тәулік ішінде самокат жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы туралы заңнаманы бұзудың 800-ден астам (жыл басынан бері 16 мыңнан астам) дерегі анықталды. Атап айтқанда: жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын талаптарды сақтамаудың 489 дерегі6 жаяу жүргіншілер мен өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзуының 237 дерегі, ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындамауының 11 дерегі, көшені абаттандыру ережелерін бұзудың 47 дерегі, қоғамдық орындарды ластау бойынша 23 құқық бұзушылық анықталған.

Сонымен қатар тротуарларда және жолдарда электросамокаттарды бейберекет қалдыру деректері анықталды, бұл өз кезегінде қозғалысқа кедергі келтіреді. 259 самокат арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ электросамокаттардың шоғырланған орындарында күшейтілген патрульдеу жүргізу мақсатында оператор-компаниялар ұсынған самокаттармен 50 полиция бағыты ұйымдастырылды.

- Профилактика жылы және “Заң мен тәртіп” қағидаты – бұл біз үшін жол қозғалысы қауіпсіздігіне жүйелі әрі күнделікті бақылау дегенді білдіреді. Электросамокат қолданушыларымен жұмыс жалғасуда: біз құқық бұзушылықтардың алдын аламыз, ережелерді түсіндіреміз және қажет болған жағдайда заңда көзделген шараларды қолданамыз, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру