Полиция елордалық жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді
Полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге ерекше сақ болуды ескертеді.
Жолға шығар алдында көлік жүргізушілеріне ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін қатаң сақтау және көлік арасындағы қашықтықты дұрыс сақтау ұсынылады.
Сонымен қатар Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, автокөліктер қысқы шиналармен жабдықталуы тиіс.
Астанада ауа температурасының төмендеуі әдетте ерте басталатынын ескерсек, шиналарды желтоқсан айына дейін ауыстырып үлгеру маңызды.
Осыған байланысты полиция көлік иелеріне қысқы маусымға алдын ала дайындалуды және барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.
Жолда абай болыңыздар!
