Полиция есірткі жеткізумен айналысқан шымкенттік екі азаматты ұстады
Полиция есірткі жеткізумен айналысқан шымкенттік екі азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілерді Қаратау АПБ-ның учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақты аралау кезінде анықтады.
Ұсталғандардан мефедрон салынған 10 орама тәркіленді. Бұдан бөлек, смартфондарынан 11 есірткі орамасы жасырылған орындардың координаттары табылды.
Екі жігіт бұрынғы жұмыстарынан бір уақытта шығып кеткені, бірақ әріптес болуды жалғастырғаны белгілі болды. Олар жаңа “салаға” бірге келіп, жарты ай бойы есірткі жеткізумен айналысып жүрген.
Қазір күдіктілер қамауда. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.