Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция ескертеді: масаң күйде көлік басқару - заңбұзушылық

Мас күйінде көлік жүргізу – жолдағы ең үлкен қауіптің бірі. Астанада полиция тәулігіне 27 жүргізушіні жауапқа тартып, ел тұрғындарын саналы таңдау жасауға шақыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада түнгі сағат бір шамасында полицейлер 39 жастағы әйел мінген автокөлікті тоқтатты. Жүргізушіден масаңдықтың айқын белгілері байқалып, медициналық куәландыру оның алкогольдік ішімдік ішкенін растады. Бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.

Жалпы, соңғы тәуліктің өзінде қалада мас күйінде көлік жүргізген 27 азамат анықталды. Ал жыл басынан бері осындай 1 095 дерек тіркелген.

Полиция ескертеді: мас күйінде көлік тізгіндеу – заң бұзушылық қана емес, ол өз өміріңізді де, жолдағы өзге адамдардың қауіпсіздігін де қатерге тігеді. Мұндай әрекеттер үшін қатаң шаралар қарастырылған: жүргізуші куәлігінен айыру, әкімшілік қамауға алу және көлікті айыппұл тұрағына қою.

Құқық қорғау органдары қала көшелерінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тәулік бойы қадағалауды жалғастыруда, әсіресе түнгі мезгілдерде және демалыс күндері бақылау күшейтіледі.

Полицейлер жүргізушілерді ережелерді қатаң сақтауға, саналы таңдау жасауға және ең бастысы — ішімдік ішкен соң рөлге отырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру