Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

Полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлерін интернет-алаяқтық қылмыстарының азаймауы алаңдатады. Тек қаңтар айында облыс тұрғындары алаяқтарға алданып, 100 миллион теңге көлеміндегі ақшасынан айырылған.

Солардың бірі — Бәйтерек ауданында тұратын ерлі-зайыпты адамдар. Алаяқтар үш күн бойы жұптың сеніміне кіріп, соңында ер адамға әйел адам қоңырау шалып, табыс табу және қарыздарды төлеу бойынша көмек ұсынған. Алдымен олар 47 250 теңге аударуды сұраған. Үнемі бейнеқоңыраулар мен ақша аудару бойынша нұсқаулар нәтижесінде ерлі-зайыптылар кредиттер алып, алаяқтардың есепшоттарына ақша аударған. Шығын сомасы 9 миллион теңгеден асты.

Тағы бір жағдайда зейнеткерлер компания қызметкерлері болып, қоңырау шалған алаяқтардың құрбаны болды. Қоңырау шалушылар олардың SIM-картасының жарамдылық мерзімі аяқталғанын айтып, оны ұзарту үшін Aitu_Pass қосымшасынан келген кодты айтуды сұраған. Осыдан кейін банк қызметкері болып өзін таныстырған алаяқ қоңырау шалып, зейнеткердің атына кредит рәсімделетінін хабарлаған. Нәтижесінде алаяқтар зейнеткерлердің депозиттеріне қол жеткізіп, 11 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру