Полиция капитаны Жаңабаев Маңғыстау Төлеуұлы «Үздік тергеуші» атағына ие болды
Тергеуші – қылмыстың ашылуына сеп болатын бірден бір маман иесі. Солардың бірі – Жаңаөзен қаласы ПБ ТБ аға тергеушісі полиция капитаны Жанабаев Маңғыстау Төлеуұлы. Шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп қана қоймай, өз ісіне адал да, заң шеңберінен шықпай құзырлы орган саласында 10 жылдан бері қызмет етіп келе жатыр.
Жаңаөзен қаласы полиция басқарамсында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Есепті мерзім ішінде оның өндірісіндегі қылмыстардың басым бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстар. Полиция капитаны М.Жанабаев өндірісінде болған қылмыстық істердің 34 ісін сотқа жолдаған, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен – 14, сонымен қатар басқа да қылмыстық істер мен азаматтардың арыздары бойынша заңды шешімдер қабылдаған. Қосымша тергеуе қайтарылған істер болған жоқ, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмеген, мерзімінен аса тергелген қылмыстық істер жоқ.
Жоғарыдағылардың негізінде Жаңаөзен қаласы ПБ аға тергеушісі полиция капитаны М.Жанабаевты басшы құрам бір ауыздан Маңғыстау облысы ПД тергеушілерінің арасынан «Үздік тергеуші» деп тану туралы ұсыныспен бір ауыздан келіскен.
Аталған жедел кеңестің шешімімен Жаңаөзен қаласы ПБ ТБ аға тергеушісі полиция капитаны Жаңабаев Маңғыстау Төлеуұлы «Үздік тергеуші» атағына ие болды.