Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция көлігі жол жиегіне түсіп кеткен жүргізушілерге көмектесті

Түркістан облысының полицейлері қолайсыз ауа райында жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қиын жағдайларға тап болған бірнеше көлікке көмектесті. 

Мәселен полицейлер патрульдеу кезінде Алматы – Ташкент – Термез тас жолында жол жиегіне түсіп кеткен ВАЗ автокөлігін байқады. 

Жүргізуші тұманның салдарынан жол жиегіне шығып, кептеліп қалғанын жеткізді. Полиция жедел түрде көлікті жолға шығаруға көмектесті. 

Сондай-ақ Көксайек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ тас жолында тұрып қалған тағы бір ВАЗ автокөлігінің жүргізушісіне де көмек көрсетілді. Тәртіп сақшылары оның көлігін Сайрам ауданындағы автокөлік шеберханасына апаруға көмектесті. 

Өз кезегінде автокөлік жүргізушілері полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді. 

Полицейлер жүргізушілерге қолайсыз ауа райында жол ережелерін сақтау керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру