Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция көше-жол желісінің жай-күйіне бақылауды күшейтті

Алматы қаласында әкімшілік полиция қызметкерлері қысқы кезеңде көше-жол желісін күтіп-ұстауға жауапты коммуналдық қызмет өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес барысында жолдар мен тротуарларды уақытылы тазалау, жол жабынына көктайғаққа қарсы өңдеу жүргізу, сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына жедел ден қою мәселелері талқыланды.

Ерекше назар көлік қозғалысы қарқынды учаскелерге, әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіреберістерге және адамдар көп шоғырланатын орындарға аударылды.

- Басты міндетіміз – жол қозғалысына қатысушылардың барлығы үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау. Алматы – көлік ағымы жоғары ірі мегаполис. Сондықтан полиция мен коммуналдық қызметтердің тығыз өзара іс-қимылы ғана ауа райына байланысты қауіп-қатерлерге жедел ден беруге және жолдағы тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік береді, - деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар өзара үйлестіруді одан әрі күшейту, жедел ақпарат алмасу және қыс мезгілінде жол инфрақұрылымының жай-күйіне бірлескен бақылау жүргізу жөнінде келісімге келді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру