Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактиканы күшейтті

Түркістан облысында полиция мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактиканы күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараусыз жүрген мал ұрыға олжа болуы әбден мүмкін. Тұрғындар өз малының қауіпсіздігіне немқұрайды қарауын тоқтатпайынша, құқық қорғау органдарының мал ұрлаушылармен күресі оң нәтижесін беруі екіталай. Сондықтан тәртіп сақшылары төрт түлікті көшеде қараусыз қалдырмауға шақырады.

Полиция үй жануарларының жайылымдарда жоғалып кететінін ескеріп, ауыл тұрғындарының малға күзетті күшейтуін ескертеді. Төрт түліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасын, мал ұрлығын болдырмаудың басты қауіпсіздігі – оларды қараусыз, бос жібермеу екенін алға тартады.

Сонымен қатар Түркістан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Сауран” шеп-бекетінде мал тасымалдап жүрген көлік жүргізушілерін тексеріп, рейд ұйымдастырды. Жүргізушілерге құжатсыз мал тасымалдауға болмайтынын қатаң ескертті.

Мәселен, жыл басынан бері қараусыз жүрген үй жануарлары бойынша 5194 тұрғынға қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру