Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілуіне жол бермеу мақсатында рейд жүргізді

Жазасын өтеушілерге келген сәлем-сауқаттар арасында есірткі заттарының болуының алдын алуға байланысты рейд жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының полицейлері түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдерімен бірлесіп қамаудағыларға келіп жатқан сәлемдемелерде есірткі құралдарының болуына рейд жүргізді.
​Кезекті іс-шара қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №54 мекемесінде өткізілді. Оған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Кинологиялық қызмет орталығының кинолог-маманы және "Аша" лақап атты қызметтік іздестіру иті қатысты.

​Іс-шараның мақсаты – бас бостандығынан айыру орнына тыйым салынған заттардың жеткізілуін болдырмау, заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу. Тексеру кезінде сотталғандарға алып келінген жеке заттардың, тамақ өнімдерінің ішіне есірткі немесе заңға қайшы басқа да заттардың болуына мұқият қарау жүргізілді. Қызметтік ит және арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, есірткі заттарын немесе оларды пайдалануға ықпал ететін заттарды табуға бағытталған егжей-тегжейлі тексерулер өтті.

Рейд нәтижесі бойынша тыйым салынған заттар табылған жоқ, алайда ұйымдастырушылар тұрақты бақылаудың маңыздылығын атап көрсетті. Мұндай іс-шаралар есірткінің түзеу мекемелеріне енуіне жол бермейді және қауіпсіздікті нығайтады. Сондай-ақ тәртіпті сақтауға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар кез-келген заңсыз әрекеттердің қатаң жолын кесетінің түсінуге көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру