Полиция мен өрт сөндірушілер алматылық аулаларды тексерді
Полиция мен өрт сөндірушілер алматылық аулаларды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл рейд ұйымдастырушылардың айтуынша, негізінен халық тығыз орналасқан ықшам аудандардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
– Әрбір қала тұрғыны өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі және өз әрекетімен қаланың төтенше жағдай қызметінің жұмысына ешбір жағдайда қолайсыздық тудырмауы өте маңызды. Атап айтқанда, біз өрт болған үйлерге өрт сөндіру техникасын өткізу туралы айтып отырмыз. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, бұл үлкен мәселе: кейбір тұрғындар өз көліктерімен аулаға кіретін жолды жауып, төтенше жағдайда мамандардың жұмысына осылайша кедергі келтіретіндігін ойламайды. Бұл кешігу адамдардың өмірін қиюы мүмкін, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Бұл жолы ТЖД мен полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топ Жетісу ауданындағы Саудакент ықшамауданындағы тұрғын үй алқабын тексерді. Мұндай рейдтер қаланың барлық аудандарында жоспарланған.