Полиция мен"Қазгидромет" мамандары азаматтарды жолда абай болуға шақырады
Полицейлер республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазгидромет" мамандарымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ауа райы құбылмалы болатынын ескертуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қазгидромет" деректеріне сәйкес, алдағы демалыс күндері ауа температурасы нөл градусқа дейін жылынады. Бұл аралас жауын-шашынға, көктайғақтың пайда болуына, жекелеген аумақтарда боран соғуына әкелуі мүмкін.
Өңірдің құбылмалы климаты жүргізушілерден жолда ерекше мұқият болуды талап етеді. Полицейлер болжамды ескеруге, көлік құралдарының техникалық жай-күйін қадағалауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
11 ай ішінде СҚО-да 542 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 710 адам жарақат алды. Республикалық маңызы бар автожолдарда 104 жол апаты тіркелді, 173 адам жарақаттанды. Осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлері азаматтарды жол ережесін қатау сақтауға шақырады.
