Полиция миллион доллар бопсалаған БҚО тұрғынын ұстады
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды.
Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 млн теңге тәркіленді. Сонымен қатар қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр (Бопсалау).
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.