Полиция мопед жүргізушілеріне жадынамалар таратып жатыр
Алматыда полиция мопед жүргізушілеріне жадынамалар таратып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық әкімшілік полицияның айтуынша, иллюстрациялық ақпараттық брошюрада мопедті тіркеуге қажетті іс-әрекеттер алгоритмі мен құжаттар тізімі сипатталған.
Жадынамалар екі дөңгелекті көлік жүргізушілері көп шоғырланатын жерлерде, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы таратылуда.
Бүгінгі таңда Алматыда 30-дан астам мопед ресми тіркелген. Сондай-ақ экстерриториалдылық принципі қолданылады. Қалада тіркелген екі дөңгелекті бір көлік - Ақмола облысында, біреуі - Алматы облысында, тағы екеуі - Қызылорда облысында тіркелген.
— Құрметті мопед иелері! Заң талаптарын бұзбау үшін мопедтерді тіркеп, А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу керектігін естеріңізге саламыз. Осы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркеуден өткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі, — дейді полиция.