Полиция облыс жолдарында жүргізушілерге көмектесуді жалғастырып жатыр
Полиция облыс жолдарында жүргізушілерге көмектесуді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері ГАЗ-53 жүк көлігінің кептеліп қалғанын байқады. Жүргізуші Шымкентке бара жатып жол жиегіне шығып кеткенін айтты.
Полицейлер қолындағы құралдардың көмегімен оған жүк көлігін жолға шығаруға көмектесті.
Сондай-ақ олар Шымкенттен келе жатқан жолда бұзылған Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Сүйреуге арналған тростың көмегімен көлік діттеген орынға жеткізілді.
Автокөлік жүргізушілері полицияның көрсеткен көмегіне ризашылықтарын білдірді. Тәртіп сақшылары барлық жол қатысушысына жол ережелерін сақтау мен жолда мұқият болу керектігін ескертеді.