Полиция оқушыларға терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті
Алматы облысының полициясы оқушыларға терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полицейлері облыс орталығының оқушыларына терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарлар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы айтып берді.
– Мұндай әрекеттердің салдары азаматтарға да, жалпы мемлекетке де елеулі материалдық залал келтірілетінін атап өту қажет. Құқық қорғау органдарының, өртке қарсы қызметтің, жедел медициналық көмектің қызметкерлері жалған шақыру бойынша дереу оқиға орнына бағытталады, ал әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің жұмыс кестелері бұзылады. Барлық осындай қауіп-қатер бойынша тексерулер жүргізіледі, ресурстар жұмсалады, жарылғыш құрылғыларды іздеу және ықтимал жағымсыз салдарға жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылданады, – деп атап өтті ПД ЭҚКБ қызметкерлері.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
– Тыңдаушылар білім министрлігінің «ҚР Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының талаптарымен танысады, – деп атап өтті облыстық ПД.
Мұндай сабақтар өңірдің барлық жалпы білім беретін мектебінде өткізіледі.